ҚР Мемлекеттік академиялық би театрында мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Еліміздің мәдениет және өнер саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбектері үшін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен театрымыздың жетекші балет әртісі Гүлнар Камалова және сахна машинисті Михаил Васильев марапатталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Д. Абаевтың «Құрмет» грамотасымен театрымыздың концертмейстері Майданова Жанна, педагог-репетитор Власова Галина, жетекші балет әртістері Қасымов Мәди мен Бурлова Анна, балет әртісі Түлеев Абылай марапатталды.

Д. Абаевтың Алғыс хатымен театрымыздың балет әртістері Алтынай Нұржанқызы, Элеонора Маратқызы, Ақбота Алматқызы, Асылбек Юсуфұлы, Айсана Бақытжанқызы және театрымыздың шығармашылық бөлімінің менеджеры Дина Жанболатқызы марапатталды.

Мемлекеттік академиялық би театрының ұжымы сіздерді құттықтай отырып, биік белестер мен шығармашылық табыс тілейді.